«Қарасу ауданы білім бөлімінің Амангелді жалпы білім беретін мектебі» КММ-де тұрғын үй-жайларда терезе конструкцияларын пайдалану кезінде орын алатын жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бірқатар профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Аталған жұмыс аясында сынып сағаты және білім алушылармен түсіндіру әңгімесі өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға терезе маңында қауіпсіз мінез-құлық ережелері, терезе алдына шығуға және ойнауға болмайтындығы, сондай-ақ жеке қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі түсіндірілді.
Сонымен қатар, оқушыларға тұрмыстық жағдайда терезе конструкцияларын қауіпсіз пайдалану бойынша жадынамалар таратылды.
Өткізілген іс-шаралар білім алушылардың өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға және жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған.