16 наурыз күні Амангельдин негізгі орта мектебінде 9–11 сынып оқушылары арасында «Экстремизм, терроризм, вандализм» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу, экстремизм, терроризм және вандализмнің қоғамға тигізетін зияны туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Дөңгелек үстел барысында оқушылар заңды сақтау, қоғамдық құндылықтарды құрметтеу және әр адамның өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауы туралы пікір алмасты. Іс-шараға 16 оқушы қатысты.
Аталған шара мектепте ай сайын тұрақты түрде өткізілетін профилактикалық жұмыс жоспары аясында ұйымдастырылады.
