«Амангелді ошы» КММ-де Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай сынып сағаты мен іс-шара өткізілді.
Мақсаттары: 1. бірінші сынып оқушыларында Қазақстанда тұратын түрлі халықтардың мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеу, патриоттық сезімді қалыптастыру,
балаларды бірлік мерекесінің мағынасымен және түрлі ұлт өкілдері арасындағы достықтың маңыздылығымен таныстыру.
2, Ұлттық тағамдар көрмесі
Дамытушылық: түрлі этностардың аспаздық ерекшеліктерімен танысу арқылы оқушылардың ой-өрісін кеңейту.
Әлеуметтік: сынып ұжымын біріктіруге және ата-аналарды мектеп өміріне тартуға ықпал ету.
3, Қауіпсіздік сабағы: «Шұғыл қызметтердің нөмірлері»
Білім беру: шұғыл қызметтердің телефон нөмірлерін үйрену (101, 102, 103, 112) және көмек шақыру алгоритмін бекіту.
Практикалық: балаларды өз атын, мекенжайын нақты атауға және қауіп төнген жағдайда жағдайды қысқаша сипаттауға үйрету.
Қамту: 11 оқушы.
Сынып жетекшісі: Бекмағамбетова М.Н.