Қарасу ауданы білім бөлімінің «Амангелді жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 2026 жылғы 7 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні аясында «Салауатты өмір салты – табысты болашақтың негізі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді.
Бүгін іс-шара 4-сыныпта өтті. Сынып сағаты барысында оқушылар салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын, күн тәртібін сақтау, дұрыс тамақтану және дене белсенділігінің қажеттілігі туралы талқылады. Адам денсаулығының негізгі құрамдас бөліктері және олардың табысты болашаққа әсері қарастырылды.
Іс-шара танымдық әрі белсенді форматта өтті, оқушылар талқылауға қатысып, тақырыпқа қызығушылық танытты.
Қамту: 7 адам.