5 және 9-сыныптарда 3-тоқсан қорытындысы бойынша ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында оқушылардың оқу жетістіктері, тәртібі және сыныптағы белсенділігі талқыланды.
Сонымен қатар көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне ерекше назар аударылды. Ата-аналарға балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жолда жүру ережелерін сақтау, интернеттегі қауіпсіздік және төтенше жағдайлардың алдын алу туралы маңызды ақпарат берілді.
Мектеп пен ата-аналардың бірлескен жұмысы – оқушылардың қауіпсіздігі мен табысты дамуының кепілі.
Ата-аналар саны:9
Сынып жетекшілері:Молдыбаева Ж.М. Бекмагамбетова Г. Б.
