5-сынып оқушыларына көктемгі демалыс кезіндегі қауіпсіздік мәселелеріне арналған түсіндіру жұмысы жүргізілді. Іс-шара барысында оқушыларға жолда жүру ережелері түсіндіріліп, көшеден өту кезінде мұқият болу және жол жиегінде сақтық шараларын сақтау қажеттігі ескертілді.
Сонымен қатар көктем мезгілінде су айдындарының маңындағы қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды. Оқушыларға жұқа мұздың қауіптілігі түсіндіріліп, ересектердің қарауынсыз су маңына баруға болмайтыны қатаң айтылды.
Бұдан бөлек, төтенше жағдайлар кезінде хабарласатын жедел қызмет нөмірлері таныстырылып, әрекет ету тәртібі түсіндірілді. Күнделікті өмірде жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі де атап өтілді.
Аталған іс-шара оқушылардың демалыс уақытында өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға бағытталды.
Қамтылғандар саны: 5 оқушы
Сынып жетекшісі: Молдыбаева Ж.М.
