2025 жылдың 19 наурыз күні Амангелді орта мектебінің 10-сынып оқушыларының ІІІ тоқсанның қорытындысын шығару мақсатында ата-аналар жиналысы өтті.
Талқыланды:
Сабақ үлгерімі
Сабаққа қатысу және оқу тәртібі
Аралық бақылауға дайындық
Көктемгі демалыс қауіпсіздігі
Көктем мезгілінде су айдындарының айналасында өзін-өзі ұстау ережелері, жол қауіпсіздігі ережелері, қоғамдық орындарда және интернетте жауапкершілікті ұстау туралы жадынамалар айтылды.
Мектеп медбикесінің презентациясы
Ата-аналарға профилактикалық екпелердің маңыздылығы және туберкулездің алдын алу туралы ақпарат берілді.
Ата-аналарға ынтымақтастығыңызға және сынып өміріне атсалысқаныңызға рахмет
