2 және 5 сыныптарда «Білім — Отанға» және "Заң мен тәртіп" тақырыбында сынып сағаты өтті.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, білімге деген қызығушылығын арттыру, өз болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және білімді ұрпақ елдің болашағы екенін түсіндіру.
Сынып сағаты барысында оқушылар білімнің адам өміріндегі маңызы туралы ой бөлісіп, оқу мен еңбектің, Отанды сүюдің маңыздылығы жайында пікір алмасты. Оқушылар белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, білім мен еңбектің арқасында ел дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы айтылды.
Шара барысында әр оқушының сапалы білім алып, өз қабілетін дамыту арқылы елінің дамуына үлес қоса алатыны ерекше атап өтілді. Сынып сағаты қызықты әрі танымдық деңгейде өтіп, оқушыларға жақсы әсер қалдырды.
Білімді ұрпақ — ел болашағы!
