14–28 наурыз аралығында мектебіміз қуанышқа, көктемнің жылы лебіне және шығармашылық энергияға толады! Сіздерді түрлі бағдарлама күтеді: тақырыптық іс-шаралар, шеберлік сабақтары, байқаулар, шығармашылық және танымдық сабақтар. Мұның барлығы ұлттық дәстүрлерімізді сақтауға, достық пен бірлікті нығайтуға бағытталған. Бұл – халқымыздың мәдениетімен танысуға, өз таланттарыңызды көрсетуге және көктемгі жаңару атмосферасын сезінуге тамаша мүмкіндік.
Наурызнама баршаңызға жылу, қуаныш, шабыт және жақсы көңіл-күй сыйласын!
14 наурыз – Көрісу күні – Амал мерекесі
15 наурыз – Қайырымдылық күні
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
17 наурыз – Шаңырақ күні
18 наурыз – Ұлттық киім күні
19 наурыз – Жаңару күні
20 наурыз – Ұлттық спорт күні
21 наурыз – Ынтымақ күні
22 наурыз – Жыл басы
23 наурыз – Тазару күні
24 наурыз – Эко-челлендж
25 наурыз – «Балалар кітапханасы» жобасы
26 наурыз – Патриоттық фильмдер көру
27 наурыз – «Қамқор» жобасы
28 наурыз – «Жер сағаты» экологиялық акциясы
